Мансия Есекеева

Мансия Есекеева – «гуманитарлық ғылымдар» магистрі. Азаматтық қоғам, жастар саясаты және мемлекеттік басқару саласында мол тәжірибесі бар.

⠀Еңбек жолын экология, жаңа технологиялар, жастар, балалар мен жасөспірімдерді қолдау бағытындағы қоғамдық қорда басшылық қызметтен бастаған. Ақмола облысының жастар ресурстық орталығының басшысы, 2023 жылдан бері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі өңірлерді үйлестіру басқармасының басшысы қызметін атқарған.