БЕКІТЕМІН
«Азаматтық бастамаларды
қолдау орталығы» КеАҚ
Басқарма Төрағасы
__________________ Е.Сапаров
«____» наурыз 2026 жыл
Қағидалардың 39, 40 және 42-тармақтарында көзделген талаптарға және «Маңғыстау облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ басшысының 2026 жылғы «27» қаңтардағы №02-03/7 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың 2026 жылға арналған басым бағыттарының тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2026 жылғы 10 ақпанда жариялаған «Маңғыстау облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ-ның Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) берілетін 2026 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 18 ҮЕҰ-дан 28 өтінім келіп түсті, оның ішінде 15 өтінім мемлекеттік тілде және 13 өтінім орыс тілінде берілген.
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 02 наурыз күні сағат 18-30-да аяқталды.
Ағымдағы жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген қосымша тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:
1) өтінім осы Қағидалардың 39 және 40-тармақтарының талаптарына, оның ішінде осы Қағидалардың № 7 қосымшасына сәйкес өтінім нысанына қойылатын талаптарға, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және институционалдық дамытуға арналған шығыстардың мөлшеріне, ұсынылған құжаттардың толықтығына және өтініш берушінің қолының болу сәйкестігіне;
2) өтінім мемлекеттік гранттар бағыттарының бекітілген тізбесіне, оның ішінде нысаналы индикаторға, күтілетін нәтижелерге, іске асыру мерзімі мен аумағының, сондай-ақ, грантты қаржыландыру мөлшерінің сәйкестігіне;
3) үкіметтік емес ұйымның құрылтай құжаттарының мемлекеттік грант бағытына сәйкестігіне;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13355 болып тіркелген) бекітілген Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес тәртіпте үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтердің болуына;
5) үкіметтік емес ұйымның тарату процесінде болу/болмауына;
6) үкіметтік емес ұйымның банкрот деп танылу/танылмауына;
7) үкіметтік емес ұйымның атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;
8) үкіметтік емес ұйымның мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;
9) үкіметтік емес ұйымның мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;
10) үкіметтік емес ұйымның экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;
11) үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;
12) үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне;
13) үкіметтік емес ұйымның оператор алдында ағымдағы берешегі бар/жоқтығына тексеру жүргізілді.
Қағидалардың 43-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды сарапшылар жүргізеді, ал жеңімпазды (жеңімпаздарды) анықтауды конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:
- мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға жіберілген өтінімдер туралы:
| № | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы |
| 1 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Аймақтағы жастардың
психикалық денсаулығын сақтау және нығайту |
қысқа мерзімді | «Ой бренд» қоғамдық қоры |
| «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі | ||||
| «Корган-М» республикалық қоғамдық бірлестігі | ||||
| «Есірткісіз болашақ» қоғамдық қоры | ||||
| 2 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Ерекше қажеттілігі бар жастарды әлеуметтендіру | қысқа мерзімді | «Маңғыстау облысының «Бочча» паралимпиадалық спорт түрінің федерациясы» қоғамдық бірлестігі |
| 3 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жастар арасындағы әзіл – ысқақ ойындарын
ұйымдастыру |
қысқа мерзімді | «Боранқұл» командасы» қоғамдық қоры |
| 4 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Ауыл
жастарының урбанистикалық бастамаларына қолдау көрсету |
қысқа мерзімді |
«Ой бренд» қоғамдық қоры |
| 5
|
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Аймақ жастарына әскери патриоттық тәрбие беру | қысқа мерзімді | «Ой бренд» қоғамдық қоры |
| «ЖАС ҰЛАН» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі | ||||
| «Боевое братство» Ауғанстандағы соғыстың ардагерлерінің Ақтау қалалық қоғамдық бірлестігі | ||||
| 6 | Жастар
саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
Аймақ жастары арасында
заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету |
қысқа мерзімді |
«Ой бренд» қоғамдық қоры |
| «Тұран ойпаты –Арал теңізі» қоғамдық бірлестігі | ||||
| «ЖАС ҰЛАН» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі |
- төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тартылды (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):
| № | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы | Бас тарту себептері |
| 1
|
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Аймақтағы жастардың
психикалық денсаулығын сақтау және нығайту |
қысқа мерзімді |
«Madeni Qazyna Qory» қоғамдық қоры | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді |
| «Рухани мирас» қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | ||||
| «GUMOL» стратегиялық зерттеу орталығы» жеке мекемесі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | ||||
| «Көмек командасы» қоғамдық қоры | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | ||||
| 2 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Ерекше қажеттілігі бар жастарды әлеуметтендіру | қысқа мерзімді | «Көмек командасы» қоғамдық қоры | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді |
| «Луара» қоғамдық қоры | Өтінім Қағида талаптарына және мемлекеттік гранттардың бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді | ||||
| «Madeni Qazyna Qory» қоғамдық қоры | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | ||||
| «MILLEDI» қоғамдық қоры | ҮЕҰ дерекқорында тіркеу туралы мәліметтер жоқ | ||||
| 3 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Маңғыстау жастарының IT
құзыреттілігін дамыту |
қысқа мерзімді |
«Жарқыра қауымдастығы» қоғамдық қоры | Өтінім Қағида талаптарына және мемлекеттік гранттардың бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді |
| 4 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Аймақ жастарына әскери патриоттық тәрбие беру | қысқа мерзімді | «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысындағы филиалы | Өтінім Қағида талаптарына және мемлекеттік гранттардың бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді |
| «ҚСА» Республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | ||||
| «Көмек командасы» қоғамдық қоры | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | ||||
| 5 | Жастар
саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
Аймақ жастары арасында заң мен тәртіп идеологиясын
ілгерілету |
қысқа мерзімді | «Madeni Qazyna Qory» қоғамдық қоры | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді |
| «ҚСА» Республикалық студенттер
қозғалысы» қоғамдық бірлестігі |
Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | ||||
| «Көмек командасы» қоғамдық қоры | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді |