БЕКІТЕМІН
«Азаматтық бастамаларды
қолдау орталығы» КеАҚ
Басқарма Төрағасы
_________________Е.Сапаров
«____» наурыз 2026 жыл
Қағидалардың 39, 40 және 42-тармақтарында көзделген талаптарға және «Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы» ММ басшысының 2025 жылғы «19» желтоқсандағы №106-н/қ. бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың 2026 жылға арналған басым бағыттарының тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау тәртібінің
ҚОРЫТЫНДЫ НӘТИЖЕСІ
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2026 жылғы 2 ақпанда жариялаған « Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы» ММ-ның Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) берілетін 2026 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 15 ҮЕҰ-дан 37 өтінім келіп түсті, оның ішінде 28 өтінім мемлекеттік тілде және 9 өтінім орыс тілінде берілген.
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 23 ақпан күні сағат 18-30-да аяқталды.
Ағымдағы жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген қосымша тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:
- өтінім осы Қағидалардың 39 және 40-тармақтарының талаптарына, оның ішінде осы Қағидалардың № 7 қосымшасына сәйкес өтінім нысанына қойылатын талаптарға, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және институционалдық дамытуға арналған шығыстардың мөлшеріне, ұсынылған құжаттардың толықтығына және өтініш берушінің қолының болу сәйкестігіне;
- өтінім мемлекеттік гранттар бағыттарының бекітілген тізбесіне, оның ішінде нысаналы индикаторға, күтілетін нәтижелерге, іске асыру мерзімі мен аумағының, сондай-ақ, грантты қаржыландыру мөлшерінің сәйкестігіне;
- үкіметтік емес ұйымның құрылтай құжаттарының мемлекеттік грант бағытына сәйкестігіне;
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13355 болып тіркелген) бекітілген Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес тәртіпте үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтердің болуына;
- үкіметтік емес ұйымның тарату процесінде болу/болмауына;
- үкіметтік емес ұйымныңбанкрот деп танылу/танылмауына;
- үкіметтік емес ұйымның атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;
- үкіметтік емес ұйымның мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;
- үкіметтік емес ұйымның мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;
- үкіметтік емес ұйымның экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;
- үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;
- үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне;
- үкіметтік емес ұйымның оператор алдында ағымдағы берешегі бар/жоқтығына тексеру жүргізілді.
Қағидалардың 43-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды сарапшылар жүргізеді, ал жеңімпазды (жеңімпаздарды) анықтауды конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:
- мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға жіберілген өтінімдер туралы:
| № | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы |
| 1 |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
«Жайдарман» ойындары бойынша ашық чемпионат пен арнайы жоба – «Жетісу облысы әкімінің Кубогы – 2026» ұйымдастыру және өткізу |
қысқа мерзімді |
«Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі |
| 2 |
Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау |
Жастар арасында есірткі және олардың прекурсорларының таралуы мен қолданылуының алдын алу |
қысқа мерзімді |
«Өрендер» академиясы қоғамдық бірлестігі
|
| 3 | «Аяулы алақан» қоғамдық қоры | |||
| 4 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту |
қысқа мерзімді |
«Өрендер» академиясы қоғамдық бірлестігі |
| 5 | «Жарқын жол» қоғамдық бірлестігі | |||
| 6 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету |
қысқа мерзімді |
«Мүшелтой» аула клубы» қоғамдық бірлестігі |
| 7 | «Өрендер» академиясы қоғамдық бірлестігі | |||
| 8 | «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі | |||
| 9 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Әйелдердің көшбасшылық, қаржылық және құқықтық құзыреттерін арттыру және дамыту | қысқа мерзімді | «Өрендер» академиясы қоғамдық бірлестігі |
| 10 | «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігі | |||
| 11 | «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі | |||
| 12 | «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі | |||
| 13 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Әкелер институтын дамыту, ұлдарды болашақ әке ретінде тәрбиелеуге жәрдемдесу және әкелерді бала тәрбиесі процесіне белсенді қатыстыру | қысқа мерзімді | «Өрендер» академиясы қоғамдық бірлестігі |
| 14 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Ауыл және жұмыссыз жастарды әлеуметтендіру мен кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету шараларын ұйымдастыру | қысқа мерзімді | «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі |
2. төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тартылды (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):
| № | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы | Бас тарту себептері |
| 1 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | «Мейірімді Жетісу» фронт-офисінің қызметін ұйымдастыру және Жетісу облысында жастардың волонтерлік қозғалысын дамыту |
қысқа мерзімді |
«Аяулы алақан» қоғамдық қоры | Өтінім мемлекеттік гранттардың бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді |
| 2 | «ҚСА» Республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | |||
| 3 | «Алматы облысының Ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | |||
| 4 | «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | |||
| 5 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | «Жайдарман» ойындары бойынша ашық чемпионат пен арнайы жоба – «Жетісу облысы әкімінің Кубогы – 2026» ұйымдастыру және өткізу | қысқа мерзімді | «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді |
| 6 | «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | |||
| 7 | Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау | Жастар арасында есірткі және олардың прекурсорларының таралуы мен қолданылуының алдын алу | қысқа мерзімді | «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді |
| 8 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту | қысқа мерзімді | «ҚСА» Республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігі |
Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді |
| 9 | «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | |||
| 10 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету | қысқа мерзімді | «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі | Өтінім мемлекеттік гранттардың бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді |
| 11 | «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | |||
| 12 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Әйелдердің көшбасшылық, қаржылық және құқықтық құзыреттерін арттыру және дамыту | қысқа мерзімді | «Мүшелтой» аула клубы» қоғамдық бірлестігі | Өтінім мемлекеттік гранттардың бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді |
| 13 | «Жетісу іскер әйелдері» қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына және мемлекеттік гранттардың бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді | |||
| 14 | «Алматы облысының Ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | |||
| 15 | «Жарқын жол» қоғамдық бірлестігі | Өтінім мемлекеттік гранттардың бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді | |||
| 16 | «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | |||
| 17 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Әкелер институтын дамыту, ұлдарды болашақ әке ретінде тәрбиелеуге жәрдемдесу және әкелерді бала тәрбиесі процесіне белсенді қатыстыру | қысқа мерзімді | «Basqary» қоғамдық қоры | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді |
| 18 | «Әкелер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | |||
| 19 | «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі | Өтінім мемлекеттік гранттардың бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді | |||
| 20 | «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | |||
| 21 | «Алматы облысының Ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | |||
| 22 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Ауыл және жұмыссыз жастарды әлеуметтендіру мен кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету шараларын ұйымдастыру | қысқа мерзімді | «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы» жеке мекемесі | Өтінім Қағида талаптарына және мемлекеттік гранттардың бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді |
| 23 | «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді |