Жарияланған күні: 24.02.2026
Бүгін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның Басқарма төрағасы Елдар Сапаров әр өңірдегі грант алушы үкіметтік емес ұйымдар және тізілімде бекітілген сарапшылардың қатысуымен маңызды онлайн-кездесулер өткізді.
Екі кездесудің де негізгі мақсаты — гранттық жобаларды іске асыру үдерістерін жетілдіру, тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту. Онлайн жиын барысында жобалардың жүзеге асырылу барысы, міндеттемелердің орындалуын бақылау, ашықтық мәселелері мен алдағы бірлескен жұмыс бағыттары талқыланды.
Басқарма төрағасы Орталықтың ашық диалогқа дайын екенін, ұйымдар мен сарапшыларды барлық кезеңдерде қолдауға, кеңес беруге және бастамаларды табысты жүзеге асыру үшін бірлесіп жаңа мүмкіндіктерге жол табуға ашық екенін атап өтті.
Онлайн-кездесулер қатысушыларға тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды талқылауға және серіктестік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.