Елдар Сапаров Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды

Жарияланған күні: 19.02.2026


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Елдар Қайсарұлы Сапаров «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Ол І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған, экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын мемлекеттік қызмет және азаматтық сектор саласында жүргізген, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен жұмыста елеулі тәжірибесі бар.

2024 жылдың сәуір айынан тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төраға орынбасары қызметін атқарып, елдегі үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мен азаматтық секторды дамыту мәселелеріне жетекшілік еткен.