Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы және киберқауіпсіздік тәжірибесін нығайтуға арналған іс-шара өтті

Жарияланған күні: 15.02.2026


2026 жылғы қаңтар айында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті.

Іс-шараға орталықтың барлық қызметкерлері қатысты. Өткізілген кездесу қызметкерлердің құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау мен құпия ақпаратты қорғауға жауапты көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі аға жедел-уәкілі, полиция майоры Аслан Мырзалы интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы айтып, жеке және қаржылық деректерді қорғау бойынша практикалық әдістермен бөлісті.

Атқарылған жұмыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АҚ қызметкерлерінің қызметінде адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталды.