Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамытуға арналған шағын гранттар байқауы басталды!(Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2025 жылғы 4 тамызға дейін)

Жарияланған күні: 16.07.2025


Ауылдың ҮЕҰ ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды   дамыту саласындағы шағын гранттар байқауына қатысуға шақырамыз.

Жобаны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша және ҮЕҰ гранттарының бірыңғай операторының гранттық қолдауымен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» қауымдастығы нысанында заңды тұлғалар бірлестігі іске асырады.

Байқаудың мақсаты — ауылдық жерлерде азаматтық белсенділікті ынталандыру, жергілікті бастамаларды қолдау және ауылдық аймақтарда жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін күшейту.

Конкурс ұйымдастырушысы: «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» қауымдастығы түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 16.07.2025 – 04.08.2025 (сағат 17-00-ге дейін)

Кім қатыса алады: Іске асыру Аумағындағы ауылдық елді мекендерде тіркелген ҮЕҰ

Іске асыру аумағы: Жетісу облысы, Қостанай, Павлодар, Алматы, Жамбыл және (немесе) Солтүстік Қазақстан облыстары

Гранттың саны мен сомасы: 1 000 000 теңге көлемінде 18 грант

Байланыс телефондары: +7 778 495 7305 (WhatsApp қолжетімді)

Әлеуметтік желілер: Instagram:@civil.alliance, Facebook: Қазақстанның Азаматтық Альянсы 

Электрондық пошта: civilalliance20@gmail.com