Жарияланған күні: 16.07.2025
Мүгедектердің қатысуымен инклюзивті қоғамды дамыту аясында инклюзия саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ үшін шағын гранттар конкурсына қатысуға шақырамыз.
Жобаны «Эра-KZ» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша және ҮЕҰ гранттарының бірыңғай операторының гранттық қолдауымен іске асырады.
Байқаудың мақсаты — инклюзивті қоғам құруға, мүгедектердің әлеуметтік интеграциясын қамтамасыз етуге, ресурстарға қолжетімділікті кеңейтуге және инклюзивті ортаны құруға ҮЕҰ қатысу деңгейін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау және дамыту.
Конкурс ұйымдастырушысы: «Эра-KZ» Республикалық қоғамдық бірлестігі
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 16.07.2025 – 04.08.2025 (сағат 17-00-ге дейін)
Кім қатыса алады: Жарғыға сәйкес инклюзия саласында өз қызметін жүзеге асыратын ҮЕҰ
Іске асыру аумағы: Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан және (немесе) Ақмола облыстары
Гранттың саны мен сомасы: 1 000 000 теңге көлемінде 18 грант
Байланыс телефоны: +7 702 560 31 63, +7 708 841 03 31
Әлеуметтік желілер: Instagram: @era_kz.7172, @npo_inclusion
Электрондық пошта: arven_14@mail.ru