БЕКІТЕМІН
«Азаматтық бастамаларды
қолдау орталығы» КеАҚ Басқарма Төрағасы
__________________ Л. Диас
« » шілде 2025 жыл
Қағидалардың 36, 37 және 39-тармақтарында көзделген талаптарға және «Жамбыл облысының жастар ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің 2025 жылғы «11» маусымдағы «Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылы тұрғындарының азаматтық бастамаларын қолдау» әлеуметтік жобасы аясында үкіметтік емес ұйымға мемлекеттік емес грант беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы ережесінің
сәйкестікке өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша
ҚОРЫТЫНДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2025 жылғы 11 маусымда жариялаған «Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылы тұрғындарының азаматтық бастамаларын қолдау» әлеуметтік жобасы аясында үкіметтік емес ұйымға мемлекеттік емес грант беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы Ережесіне сәйкес 6 ҮЕҰ-дан 6 өтінім келіп түсті, 6 өтінім мемлекеттік тілде берілген.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 02 шілдеде сағат 18-30-да аяқталды.
Ағымдағы жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және мемлекеттік емес грант беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы ережесінің сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:
1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне;
2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне;
3) өтініш берушінің жарғылық мақсатының мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкестігіне;
4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болуына;
5) өтініш берушінің тарату процесінде болу/болмауына;
6) өтініш берушінің банкрот деп танылу/танылмауына;
7) өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;
8) өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;
9) өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;
10) өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;
11) өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;
12) берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне тексеру жүргізілді.
Қағидалардың 40-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптама комиссиясы жүзеге асырады.
Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:
- мемлекеттік емес грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы |
1 | Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылы тұрғындарының азаматтық бастамаларын қолдау | қысқа мерзімді | «Айналайын» балалар-жасөспірімдер орталығы» жастар клубы» қоғамдық бірлестігі |
“Асқақ рух – Еркін ел” қоғамдық бірлестігі | ||||
«Нұрбата-Ардагер» қоғамдық бірлестігі |
2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тартылды (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы | Бас тарту себептері |
1 | Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылы тұрғындарының азаматтық бастамаларын қолдау | қысқа мерзімді | Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі | Ереженің 2.1 тармағына сәйкес келмейтіндігі анықталды |
«Сарысу патриоттары» жастар қоғамдық бірлестігі | Ереженің 2.1 тармағына сәйкес келмейтіндігі анықталды | ||||
«Байзақ мекені одағы» қоғамдық бірлестігі | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 заңының 4 параграф 42 тармағы 10 тармақшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымның экономикалық қызметі тоқтатылған анықталды |