Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тапсырысы бойынша сараптамалық комиссия отырысының 14.05.2025 жылғы №21 хаттамасы

«Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «06» наурыздағы №39-Б бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы 17 наурызда жариялаған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында

«Қоршаған ортаны қорғау» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау

нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының

№ 21 ХАТТАМАСЫ

 

Астана қ.                                                                           2025 жылғы «14» мамыр

Отырысқа қатысқандар:

ТАӘ Қатысу туралы мәліметтер
1. Жалғасбай Ғалия Тұрарқызы қатысқан жоқ
2. Сейткан Айнур Сейтканкызы қатысқан жоқ
3. Тулемисова Жанат Ерхановна         ZOOM арқылы қашықтан қатысты
4. Асанова Динара Кенжебековна ZOOM арқылы қашықтан қатысты
5. Березинская-Абилова Елена Николаевна          ZOOM арқылы қашықтан қатысты

Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.

Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.

Күн тәртібі:

  1. Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
  2. Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.
  3. Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері барлық кандидатураларды қарап, Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде Елена Николаевна Березинская-Абилованы сайлауға шешім қабылдады.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:

Сапаршының аты-жөні Бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны Конкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны
1. Жалғасбай Ғалия Тұрарқызы 14 0 14
2. Сейткан Айнур Сейтканкызы 14 0  14
3. Тулемисова Жанат Ерхановна 14 0 14
4. Асанова Динара Кенжебековна 14 0 14
5. Березинская-Абилова Елена Николаевна 14 0 14

 

Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны 14 өтінімді құрайды.

 

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:

Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 9 ҮЕҰ-нан түскен 14 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.

Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.

Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.

Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Қағидалардың   8-қосымшасына сәйкес балдар береді.

1-кесте

Басым бағыттың атауы направления Іске асырылу мерзімі Грант сомасы (мын тенге) Өтінім беруші Жалғасбай Ғалия Тұрарқызы Сейткан Айнур Сейтканкызы Тулемисова Жанат Ерхановна Асанова Динара Кенжебековна Березинская-Абилова Елена Николаевна Барлығы
«Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде жергілікті тұрғындар мен туристердің көркем демалыс орындарының ластануын болдырмау жөніндегі профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру қысқа мерзімді 11 796,0 «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының республикалық штабы» жеке мекемесі 38 18 50 30 38 174
«Эко Мангистау» үкіметтік емес мекемесі 48 26 45 53 51 223
«Рух жаңғырығы» қоғамдық қоры 48 29 40 28 48 193
«Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қоры 39 55 38 20 55 207
Өңір халқының табиғатқа жауапты қатынасын қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және өңірдің орнықты дамуы саласындағы халықтың белсенділігін арттыру қысқа мерзімді 8 204,0 «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының республикалық штабы» жеке мекемесі 42 29 46 28 42 187
«Эко Мангистау» үкіметтік емес мекемесі 48 26 45 37 53 209
Маңғыстау облысы бойынша «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары облыстық орталығы» медициналық мекемесі 30 30 34 10 45 149
«TAZA.LIKEE ЖАСЫЛ МЕКТЕБІ» қоғамдық қоры 38 25 42 54 41 200
«ASA-Life» қоғамдық қоры 33 22 39 25 39 158
«Жастардың әлеуметтік және тұрақты даму қоры» қоғамдық қоры 54 30 39 23 48 194
«Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қоры 37 55 43 23 55 213
«Тәжірибешіл экологтар қауымдастығы» жеке кәсіпкер және заңды тұлғалар бірлестігі 27 20 37 15 52 151
«Рух жаңғырығы» қоғамдық қоры 51 27 43 27 51 199
Өңірде кездесетін жабайы құстарды сақтау және уақтылы көмек көрсету, оларға Маңғыстау облысының табиғи жағдайларын жасау қысқа мерзімді 10 000,0 «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қоры 37 55 42 30 55 219

 Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:

Басым бағыттың атауы Іске асырылу мерзімі ҮЕҰ атауы Жалпы балл Дауыс беру нәтижелері,

пікірлер орны

1. «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде жергілікті тұрғындар мен туристердің көркем демалыс орындарының ластануын болдырмау жөніндегі профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру қысқа мерзімді «Эко Мангистау» үкіметтік емес мекемесі 223 Барлығы «Келісім берді»
2 Өңір халқының табиғатқа жауапты қатынасын қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және өңірдің орнықты дамуы саласындағы халықтың белсенділігін арттыру қысқа мерзімді «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қоры 213 Березинская-Абилова Елена Николаевна – «келісім берді»,

Тулемисова Жанат Ерхановна – «қалыс қалды»,

Асанова Динара Кенжебековна – «қарсы»

Қағидалардың 42-тармағына сәйкес

Березинская-Абилова Елена Николаевна – «келісім берді»

3 Өңірде кездесетін жабайы құстарды сақтау және уақтылы көмек көрсету, оларға Маңғыстау облысының табиғи жағдайларын жасау Қысқа мерзімді «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қоры 219 Березинская – Абилова Елена Николаевна және Тулемисова Жанат Ерхановна – «келісім берді»,

Асанова Динара Кенжебековна – «қарсы»

   Сараптама комиссиясы төрағасы  _____________  Березинская-Абилова Е.Н.