Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің «Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «11» ақпандағы №58-НҚ бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы «11» наурызда жарияланған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының
№ 18 ХАТТАМАСЫ
Астана қ. 2025 жылғы «13» мамыр
Отырысқа қатысқандар:
№ | ТАӘ | Қатысу туралы мәліметтер |
1. | Исмаилов Шавкат Абдуллаевич | ZOOM арқылы қашықтан қатысты |
2. | Билялов Серикбол Аргынгазиевич | ZOOM арқылы қашықтан қатысты |
3. | Асанова Динара Кенжебековна | ZOOM арқылы қашықтан қатысты |
4. | Балпеисова Светлана Асылгиреевна | ZOOM арқылы қашықтан қатысты |
5. | Рахимбекова Жанар Сапаровна | ZOOM арқылы қашықтан қатысты |
Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.
Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.
Күн тәртібі:
- Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
- Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.
- Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:
Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері барлық кандидатураларды қарап, Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде Шавкат Абдуллаевич Исмаиловты сайлауға шешім қабылдады.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:
Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:
№ | Сапаршының аты-жөні | Бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны | Конкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны | Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны |
1. | Исмаилов Шавкат Абдуллаевич | 13 | 0 | 13 |
2. | Билялов Серикбол Аргынгазиевич | 13 | 0 | 13 |
3. | Асанова Динара Кенжебековна | 13 | 0 | 13 |
4. | Балпеисова Светлана Асылгиреевна | 13 | 0 | 13 |
5. | Рахимбекова Жанар Сапаровна | 13 | 0 | 13 |
Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны 13 өтінімді құрайды.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:
Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 13 ҮЕҰ-нан түскен 13 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.
Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.
Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.
Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес балдар береді.
1-кесте
Басым бағыттың атауы | Іске асырылу мерзімі | Грант сомасы (мын тенге) | Өтінім беруші | Исмаилов Шавкат Абдуллаевич | Билялов Серикбол Аргынгазиевич | Асанова Динара Кенжебековна | Балпеисова Светлана Асылгиреевна | Рахимбекова Жанар Сапаровна | Барлығы |
Ауылда азаматтық бастамаларды дамыту | орта мерзімді | 2025 жыл – 30 886 мың тг.
2026 жыл – 30 886 мың тг. |
«Жергілікті қоғамдастықтардың тұрақты дамуы» қоғамдық қоры | 69 | 43 | 31 | 30 | 66 | 239 |
«Ақ тілек» қоғамдық қоры | 65 | 43 | 44 | 46 | 75 | 273 | |||
«Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі | 70 | 50 | 44 | 44 | 21 | 229 | |||
«Эра-KZ» республикалық қоғамдық бірлестігі | 68 | 42 | 46 | 48 | 68 | 272 | |||
«ADAM DAMU» Еуразиялық гуманитарлық орталығы» қоғамдық қоры | 68 | 44 | 38 | 38 | 72 | 260 | |||
«Ана мектебі» қоғамдық қоры | 69 | 52 | 32 | 33 | 67 | 253 | |||
«Жария» Халықаралық Орталығы» қоғамдық қоры | 74 | 44 | 51 | 50 | 41 | 260 | |||
«Қазақстанның Азаматтық Альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі | 68 | 43 | 75 | 74 | 71 | 331 | |||
«Көмек командасы» қоғамдық қоры | 68 | 39 | 24 | 26 | 65 | 222 | |||
«Рух жаңғырығы» қоғамдық қоры | 70 | 46 | 29 | 31 | 52 | 228 | |||
«ГрИн» Қостанай облысының Азаматттық альянсы» қоғамдық қоры | 70 | 43 | 54 | 54 | 52 | 273 | |||
«Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі | 65 | 46 | 33 | 33 | 34 | 211 | |||
«Несібе» қоғамдық қоры | 64 | 44 | 13 | 14 | 61 | 196 |
Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:
№ | Басым бағыттың атауы | Іске асырылу мерзімі | ҮЕҰ атауы | Жалпы балл |
1. | Ауылда азаматтық бастамаларды дамыту | орта мерзімді | «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі | 331 |
Сараптама комиссиясының төрағасы ________________ Исмаилов Ш.А.