Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша сараптамалық комиссия отырысының 30.04.2025 жылғы №12 хаттамасы

 «Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың Тараз қаласы бойынша 2025 жылға арналған басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «25» ақпандағы № 15 бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы «06» наурызда жарияланған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының

№ 12 ХАТТАМАСЫ

 Астана қ.                                                                                                            2025 жылғы «30» cәуір

Отырысқа қатысқандар:

ТАӘ Қатысу туралы мәліметтер
1. Exp №2 ZOOM арқылы қашықтан қатысты
2. Exp №14 ZOOM арқылы қашықтан қатысты
3. Exp №24  ZOOM арқылы қашықтан қатысты
4. Exp №30 ZOOM арқылы қашықтан қатысты
5. Exp №38   ZOOM арқылы қашықтан қатысты

Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.

Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.

 Күн тәртібі:

  1. Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
  2. Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.
  3. Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

 Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері барлық кандидатураларды қарап, Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде Джакипбаева Назира Абдрахмановна сайлауға шешім қабылдады.

 Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:

Сапаршының аты-жөні Бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны Конкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны
1. Exp №2 2 0 2
2. Exp №14 2 0 2
3. Exp №24 2 0 2
4. Exp №30 2 0 2
5. Exp №38 2 0 2

 

Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны 2 өтінім құрайды.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:

Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 2 ҮЕҰ-нан түскен 2 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.

Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.

Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.

Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес балдар береді.

1-кесте

Басым бағыттың атауы Іске асырылу мерзімі Грант сомасы (мын тенге)

Өтінім беруші

Exp №2 Exp №14 Exp №24 Exp №30 Exp №38

Барлығы

Тараз қаласының үкіметтік емес ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, дамыту және нығайту  Қысқа мерзімді 4 500,0 Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі 45 47 21 17 33 163
«Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі 24 32 20 12 29 117

Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:

Басым бағыттың атауы Іске асырылу мерзімі ҮЕҰ атауы Жалпы балл
1. Тараз қаласының үкіметтік емес ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, дамыту және нығайту Қысқа мерзімді Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі 163

  Ұсынымдар: Жамбыл облысы пікірсайысшылар қауымдастығының “Еркін пікір” жастар қоғамдық бірлестігінің күнтізбелік жоспарына енгізу қажет:

  1. Білім беру бағдарламалары мен тренингтер

Негізгі тақырыптар бойынша вебинарлар / офлайн семинарлар сериясы:

Жоба/ өтінім жазу дағдыларын дамыту бойынша Тренинг Стратегиялық жоспарлау

Фандрайзинг және гранттық өтінім, донорлар мен серіктестер алдында демо-күн немесе питчинг

ҮЕҰ жұмысының құқықтық аспектілері

Бағдарламалық және қаржылық есептілік

Байланыс және медианы жылжыту

Еріктілермен және командамен жұмыс

Тәлімгерлік және консультациялық қолдау

ҮЕҰ саласындағы тәжірибелі сарапшылар қатарынан тәлімгерлерді тағайындау

Жеке консультациялар (заңгерлік, фандрайзинг, басқару)

Тәжірибе алмасу клубтары: “тең-тең”

ҮЕҰ үшін үй-жайларды, техниканы, бағдарламалық қамтамасыз етуге қолжетімділікті ұсыну

Тәжірибе алмасу

Қызығушылықтар бойынша тұрақты кездесулер (тақырыптар немесе аймақтар)

Ресурстар мен жағдайларды бөлісуге арналған Чат

 Сараптама комиссиясының төрағасы  _____________  Джакипбаева Н.А.