БЕКІТЕМІН
«Азаматтық бастамаларды
қолдау орталығы» КеАҚ Басқармасы Төрағасының м.а.
__________________ Балтаев Г.Т.
« » сәуір 2025 жыл
Қағидалардың 36, 37 және 39-тармақтарында көзделген талаптарға
және «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының 2025 жылғы «28» ақпандағы №03-04-02 бұйрығымен бектілген Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша
ҚОРЫТЫНДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2025 жылғы 06 наурызда жариялаған «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ-ның Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) берілетін 2025 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 9 ҮЕҰ-дан 11 өтінім келіп түсті Барлық 11 өтінім мемлекеттік тілде берілген.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 01 сәуірде сағат 18-30-да аяқталды.
Ағымдағы жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:
1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне;
2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне;
3) өтініш берушінің жарғылық мақсатының мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкестігіне;
4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болуына;
5) өтініш берушінің тарату процесінде болу/болмауына;
6) өтініш берушінің банкрот деп танылу/танылмауына;
7) өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;
8) өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;
9) өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;
10) өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;
11) өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;
12) берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне тексеру жүргізілді.
Қағидалардың 40-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптама комиссиясы жүзеге асырады.
Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:
- мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы |
1 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Отбасылық құндылықтар – ұлттық тәрбие негізі | қысқа мерзімді | «Болашаққа қозғалыс»
жеке қоры |
2 | Маңғыстау облысы бойынша «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы» медициналық мекемесі | |||
3 | «Zangar Event» қоғамдық қоры | |||
4 | «Игі жастар» қоғамдық қоры | |||
5 | «Бала жолы» қоғамдық қоры | |||
6 | «Аналар кабинеті» қоғамдық қоры | |||
7 | Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу | Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және олардың маңыздылығын түсіндіру | қысқа мерзімді | «Игі жастар» қоғамдық қоры |
8 | «Қазақстан экологиялық қоры» қоғамдық қоры |
2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы | Бас тарту
себептері |
1 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Отбасылық құндылықтар – ұлттық тәрбие негізі | қысқа мерзімді | «GIBRAT PRO» қоғамдық қоры | Өтінім Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес келмейді |
2 | Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу | Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және олардың маңыздылығын түсіндіру | қысқа мерзімді | «КӨМЕК-ШИПА» жеке меншік мекемесі | ҮЕҰ дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер жоқ |
3 | «GIBRAT PRO» қоғамдық қоры | Өтінім Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес келмейді |