2025 жылғы 5 наурыздағы конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы отырысының №1 хаттамасынан үзінді

Жарияланған күні: 05.03.2025


           «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі» ММ Министрінің «Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «06» қаңтардағы №1-НҚ бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы «15» қаңтардағы жарияланған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының

№1  ХАТТАМАСЫ

 

Астана қ.                                                                           2025 жылғы «05» наурыз

Отырысқа қатысты:

ТАӘ Қатысу туралы мәліметтер
1. Дастан Исламбек Дастанұлы қатысқан жоқ
2. Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы қатысқан жоқ
3. Мажит Алишер Мажитулы ZOOM арқылы қашықтан қатысты
4. Сванкулова Асель Боранбаевна ZOOM арқылы қашықтан қатысты
5. Жайлыбаева Айгуль Рымкуловна ZOOM арқылы қашықтан қатысты

Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.

Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.

 

Күн тәртібі:

  1. Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
  2. Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.
  3. Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

 

Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері барлық кандидатураларды қарап, Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде Жайлыбаева Айгуль Рымкуловнаны сайлауға шешім қабылдады.

 

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:

Сапаршының аты-жөні Бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны Конкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны
1. Дастан Исламбек Дастанұлы 11 0 11
2. Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы 11 0 11
3. Мажит Алишер Мажитулы 11 0 11
4. Сванкулова Асель Боранбаевна 11 0 11
5. Жайлыбаева Айгуль Рымкуловна 11 0 11

 

 

Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны 11 өтінімді құрайды.

 

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:

Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 11 ҮЕҰ-нан түскен 11 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.

Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.

Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.

Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Қағидалардың                        8-қосымшасына сәйкес балдар береді.

                                                                                                                      1-кесте

Басым бағыттың атауы Іске асырылу мерзімі Грант сомасы

Өтінім беруші

Дастан Исламбек Дастанұлы Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы Мажит Алишер Мажитулы Сванкулова Асель Боранбаевна Жайлыбаева Айгуль Рымкуловна Қорытынды
Қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарды оңалту және бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу Орта мерзімді 60 000 000

«Арман АНК» аймақтық қоғамдық бірлестігі

52 36 33 28 35 184
Орта мерзімді 60 000 000

«АЛГОРИТ – MIX» қоғамдық қоры

60 36 46 34 28 204
Орта мерзімді 60 000 000

«Azamatsha KZ қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры

52 46 24 38 48 208
Орта мерзімді 60 000 000

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі

58 54 38 49 63 262
Орта мерзімді 60 000 000

«Саналы қоғам» қоғамдық қоры

58 50 32 42 45 227
Орта мерзімді 60 000 000

«Антарес А» қоғамдық қоры

69 58 61 51 55 294
Орта мерзімді 60 000 000

«Жаңа самғау» қоғамдық қоры

63 45 33 36 27 204
Орта мерзімді 60 000 000

«Қоғамдық ақпарат қоры» қоғамдық қоры

58 65 34 71 73 301
Орта мерзімді 60 000 000

«Солидарность» әлеуметтік даму қоры» қоғамдық қоры

58 37 21 42 66 224
Орта мерзімді 60 000 000

«Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі

48 46 37 39 71 241
Орта мерзімді 60 000 000

 «GLOBAL HELP» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры

58 36 22 20 39 175

Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:

Басым бағыттың атауы Іске асырылу мерзімі ҮЕҰ атауы Жалпы балл
1 Қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарды оңалту және бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу Орта мерзімді «Қоғамдық ақпарат қоры» қоғамдық қоры 301