Жарияланған күні: 04.11.2024
Бұл шара “Жария” халықаралық орталығы” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Біріңғай грант операторының қолдауымен жүзеге асырылатын Saulyq life жобасы аясында өтті.
Оқыту барысында Ecomed Medical Group директоры және Астана медициналық университетінің акушерлік және гинекология кафедрасының доценті Жанерке Ажетова контрацепция бойынша консультация беру тақырыбында лекция оқыды. Ол заманауи әдістер мен олардың тиімділігіне ерекше назар аударып, қатысушылардың белсенді қызығушылығын тудырды. Олар жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау үшін жаңа тәсілдерді енгізуге дайын екендіктерін білдірді.
Когнитивті мінез-құлық терапиясының психолог-жаттықтырушысы Валерия Александровна Фусс жастар арасында репродуктивті денсаулық туралы ақпаратты арттырудың халықаралық тәжірибесін таныстырып, жеке тәсілдің маңыздылығын және тиімді коммуникация дағдыларын дамыту қажеттілігін атап өтті.
Оқыту семинары тәжірибе алмасумен аяқталды, мұнда мамандар нақты жағдайларды талқылап, үздік практикаларды бөлісіп, өзекті мәселелердің шешімдерін бірге іздестірді.