Меценаттар мен қайырымдылық жасаушылар форумы: 2024 жылдың қорытындысы

Жарияланған күні: 01.11.2024


23 қазан күні Астанада қайырымдылыққа арналған ауқымды форум өтті. Жылдың қорытындылары шығарылып, үздік қайырымдылық жасаушылар марапатталды, сондай-ақ бұл маңызды бағыттың дамуы туралы пікір алмасылды.

Биылғы жылы қайырымдылық саласындағы құрметті атаққа 148 өтінім берілді. Олардың арасында:

–    қайырымдылық ұйымдарынан 27 өтінім;

–    меценаттардан 27 өтінім;

–    жеке қайырымдылық жасаушылардан 58 өтінім;

–    еріктілерден 36 өтінім.

Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ 31 қайырымдылық жасаушыға табысталды. Марапатталғандар арасында:

Сагынбек Шункеев — «Халық» қайырымдылық қорының директоры, Алматы қаласы;

Болат Карабаев — «Мирас» шаруа қожалығының басшысы, Қостанай облысы;

Меруерт Омарова — «Ханкелді & К» ЖШС директоры, Маңғыстау облысы;

Алибек Токбаев — «Сары-Оба Астык» ЖШС директоры, Ақмола облысы;

Марал Есекешова — С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің кафедра меңгерушісі, Астана қаласы;

Алия Аубакирова — «Наурызбай-К» ЖШС директоры, Жамбыл облысы;

Нурлыбек Адеков — «Ай-ди строй» ЖШС директоры, Маңғыстау облысы;

Максут Карымсаков — «Сауаптан құр қалмайық» қоғамдық қорының жетекшісі, Қызылорда облысы;

Андрей Короблев — «Былина» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Атырау облысы;

Гүлнәз Зейнелқабденқызы — «Ерназ-Камкор» қоғамдық қорының жетекшісі, Алматы облысы;

Маржан Абдешова — жеке кәсіпкер, Маңғыстау облысы;

Толкын Балкибаева — «Дара жүрек» қоғамдық қорының төрайымы, Ұлытау облысы;

Айдос Бахтубаев — «VK development group» ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысы;

Касым Галим — жеке кәсіпкер, Ақтөбе облысы;

Евгений Хисметов — «Арыстан» қайырымдылық қорының директоры, Қарағанды облысы;

Тынышдык Кочербаев — «Харекет» қайырымдылық қорының өкілі, Маңғыстау облысы және тағы басқалары.

Форум жарқын оқиғаға айналып, қазақстандықтардың қоғам мәселелеріне бейжай қарамайтынын және бір-біріне көмектесуге дайын екенін көрсетті.