Жарияланған күні: 30.10.2024
Өткен Форумда біз қайырымдылықты қалай тиімдірек және ашық етуге болатынын талқыладық.
Спикерлердің бірі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова, қайырымдылық ұйымдарын қолдаудағы мемлекеттің рөлі туралы өз пікірін білдіріп, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өзара әрекеттесуінің маңыздылығын атап өтті.
«Қазіргі уақытта Қазақстанда 1300-ден астам қайырымдылық ұйымдары тіркелген. Бүгінде олардың қызметін ынталандыратын құралды енгізу мәселесі өзекті болып отыр. Осы ұйымдар өз қызметінің ашықтығын қамтамсыз ету бойынша стандарттарға сай болуы тиіс», – деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, спикерлер мемлекеттің қайырымдылықты дамытудағы маңызды рөлін атап өтті. Заңнамалық қолайлы ортаны құру, ҮЕҰ бастамаларын қолдау және ресурстардың ашық бөлінуі – мұның бәрі елдегі қайырымдылық белсенділігінің артуына ықпал етеді.
Біз мемлекет пен азаматтық қоғамның бірлескен күш-жігерімен көптеген әлеуметтік мәселелерді шешіп, әділетті қоғам құра алатынымызға сенімдіміз.
Қазақстандағы қайырымдылықтың болашағын құруға қосылыңыз!