Жарияланған күні: 30.10.2024
2024 жылғы Меценаттар мен қайырымдылық жасаушылар форумы Қазақстандағы қайырымдылық секторын дамытудың ең өзекті мәселелерін талқылайтын алаңға айналды. Форумға қатысушылар, жетекші қайырымдылық қорлары мен әлеуметтік кәсіпкерлердің өкілдері өздерінің табысты тәжірибелерімен және қайырымдылықтың болашағы туралы көзқарастарымен бөлісті.
Форумның басты сәттерінің бірі қайырымдылық саласындағы ашықтық пен жариялылықтың маңыздылығын талқылау болды. «Endowment Qazaqstan Halqyna» қайырымдылық қорының директоры Чингиз Шарапиев қазіргі заманғы қайырымдылық қорлары қоғам үшін барынша ашық болуы керектігін атап өтті.
Beeline Қазақстанның корпоративтік қайырымдылық қоры Zhyly Zhurek Foundation директоры Анар Жумагулова қайырымдылық жобалардың тиімділігін арттыру үшін технологияларды қалай пайдалануға болатыны туралы айтты.
inDrive компаниясының тұрақты даму саласында қоғаммен байланыс жөніндегі басшысы Қанат Ногойбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы өз көзқарасымен бөлісті. Ол компаниялардың тек қаржылай көмек көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамның өзекті мәселелерін шешетін әлеуметтік жобаларды құра алатынын атап өтті.
«SOS Қазақстан балалар ауылдары» корпоративтік қорының ұлттық директоры Гүлжан Асанова әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
ESGQ рейтинг агенттігінің директоры Ерлік Қаражан бизнестегі парадигманың пайданы іздеуден қоғам үшін құндылық жасауға қарай өзгеріп жатқанын айтып кетті.
Форум Қазақстандағы қайырымдылықтың барынша кәсіби және нәтижеге бағытталып келе жатқанын көрсетті. Форумға қатысушылар бірлескен күш-жігермен әділетті және тұрақты қоғам құруға болатынына сенім білдірді.