Меценаттар мен қайырымдылық жасаушылар форумы: жақсылықтың жаңа көкжиектері

Жарияланған күні: 29.10.2024


23 қазанда Астанада маңызды шара – Меценаттар мен қайырымдылық жасаушылар форумы өтті! Іс-шарада мемлекеттік органдар, бизнес, ҮЕҰ және еріктілер өкілдері жиналып, Қазақстандағы қайырымдылықты дамыту мәселелерін талқылады.

Форум ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған қайырымдылық саласындағы құрметті атақ иегерлерін марапаттау рәсімімен ашылды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның сөйлеген сөзі мемлекеттің қайырымдылық              бастамаларды қалай қолдай алатындығының шабыттандыратын үлгісі болды.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Лима Диас осал топтарға жүйелі көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті:

«2024 жыл Қазақстан үшін күрделі сынақ жылы болды. Төтенше жағдайлар жиілігінің артуы жағдайында қиындықтарды сәтті еңсерудің кілті – жүйелі қайырымдылықты қамтамасыз ету мақсатындағы тиімді ынтымақтастық болып табылады. Бұл мемлекет, корпоративтік сектор, азаматтық қоғамның осал топтарға уақтылы көмек көрсету, қорғау және төтенше жағдайлардан кейін қалпына келтіру үшін тұрақты экожүйе құруға бағытталған үйлесімді күш-жігерін талап етеді».

Қайырымдылық саласындағы құрметті атақтар қоғамымыздың дамуына елеулі үлес қосқан 31 қайырымдылық жасаушыға берілді.

Форумның барысында өзекті тақырыптар талқыланған үш панельдік сессия болды:

  1. «Қайырымдылық және ESG: Тұрақты даму стратегиялары»
  2. «Қайырымдылық саласындағы заңдар мен реттеулер: ашықтық пен сенімге әсері»
  3. «Төтенше көмек және қайырымдылық: төтенше жағдайларда тиімді үшжақты серіктестік стратегиясын қалыптастыру»

Өткен жылы 80 749 азаматқа жалпы сомасы 39 миллиард теңгеден астам қайырымдылық көмек көрсетілді. Көмектің негізгі бағыттары: тұрғын үймен қамтамасыз ету, спорт алаңдарын салу және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту.

Форум жеке сектор өкілдері, меценаттар мен демеушілерге арналған мастер-класспен аяқталды, бұл қайырымдылық саласындағы тұрақты дамуға қол жеткізу үшін ынтымақтастық пен серіктестіктің маңыздылығын көрсетті.