irgemiz Qamqor жобасы аясында зейнеткерлерге арналған ретро-концерт өтті

Жарияланған күні: 09.10.2024


Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Біріңғай грант операторының қолдауымен «Мархабат.KZ» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен «Ассамблея Жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі Birgemiz Qamqor жобасы аясында достық үйінде ретро-концерт өткізді.
Талантты студенттер өткен жылдардың танымал әндерін орындап, қонақтарға сыйлықтар табыс етті.
Іс-шара «Қарттарға қуаныш сыйла» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – зейнеткерлерге құрмет пен көңіл бөлу, жылы естеліктер жасау, сондай-ақ жастар мен қарттар арасындағы мәдени байланыстарды нығайту болып табылады.