Жарияланған күні: 09.09.2024
Бұған дейін Әйгерім Кәрімова Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының коммуникация және ынтымақтастық департаментін басқарған болатын.
Әйгерім Кәрімова өзінің еңбек жолын 2017 жылы білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттікте талдау және сапа департаментінің сарапшысы болып бастады.
2019 жылы ол Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына жұмысқа ауысып, жоба менеджері, бас менеджер және жоба кеңсесінің директоры лауазымдарын дәйекті түрде атқарды.
2016 жылы Әйгерім Кәрімова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша бакалавриат бітірді. 2017 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде «Экономика және бизнес» магистрі дәрежесін алды.
Әйгерім Кәрімова өзінің еңбегі үшін бірқатар марапаттарға ие болды. 2022 жылы Қазақстан Республикасы «Ақпарат және қоғамдық даму» министрінің грамотасы, 2023 жылы ел алдындағы ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.