Орталық сараптама комиссиясын құруға қатысуға шақырады

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» ММ-ның үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурсы шеңберінде сараптама комиссиясын қалыптастыруға қатысуға шақырады

Орталық «Атырауоблысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» ММ-ныңүкіметтік емес ұйымдарғамемлекеттікгранттар беруге арналған конкурсынөткізудіжоспарлап отыр.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің  2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау туралы қағидаларының 22-тармағына сәйкес сараптама комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» ҚР Заңының 5-бабының 1-тармағында (бұдан әрі – Заң) көзделген салалар бойынша кездейсоқ әдіспен құрылатын болады.

Орталық 2023-2025 жылдарға арналып бекітілген сарапшылар тізілімі қатарынан сараптама комиссиясын қалыптастыруға қатысуға шақырады.

Мемлекеттік гранттар беру саласы (Заңның 5-бабына сәйкес) – «Мәдениет пен өнерді дамыту».

Сараптама комиссиясының мүшелері 2024 жылға арналған гранттар тізбесі бойынша кездейсоқ сандар генераторы әдісімен іріктелетін болады.

Мекен-жайы және байланыс ақпараты

Үкіметтік емес ұйымдарүшінмемлекеттікгранттар беруге арналғанконкурсшеңберіндесараптамалықкомиссиянықалыптастыру2024жылғы     06тамызда сағат 17.00-деАстана қаласы,Қабанбайбатыр даңғылы,.11/5, 5-қабат,502-кабинет мекенжайы бойынша өтеді.

Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Орталыққа келесі телефон номері арқылы хабарласуға болады: +7 7172 79 04 31.