2024 жылғы 23 мамырдағы конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы отырысының №47 хаттамасынан үзінді

2024 жылғы «23» мамырда жарияланған ««Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» ММ басқарма басшысының «Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «21» мамырдағы №42 бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында «Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 12 шілдегі № 47 хаттамасынан

ҮЗІНДІ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1 Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау Атырау облысы жастарының зияткерлік білім деңгейін арттыру қысқа мерзімді «Жеті Жарғы» қоғамдық қоры
2 Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау Нашақорлықтың алдын алу бойынша шаралар кешені қысқа мерзімді «Жаңа уақыт» қоғамдық қоры
3 Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау Жастардың шығармашылық әлеуетін және ақпараттық-коммуникативтік қабілеттерін дамыту қысқа мерзімді «Алматы студенттер Альянсы» қоғамдық қоры
4 Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау Әлеуметтік роликтер циклін әзірлеу қысқа мерзімді «Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігі
5 Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау Шығармашылық музыкалық акселератор  

қысқа мерзімді

«Key Transform» қоғамдық бірлестігі