2024 жылғы «22» мамырда жарияланған «Атырау қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ бөлімі басшысының «Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «16» мамырдағы №27 бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 10 шілдегі № 44 хаттамасынан
ҮЗІНДІ
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Іске асырылу мерзімі | Ұйым атауы |
1 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Атырау қаласында зорлық-зомбылықтың алдын-алу | қысқа мерзімді | «Жарқын Жанұя» қоғамдық бірлестігі |