Қайталама шикізат игілікке: Астаналықтар үй жануарларына жаңа бастамамен көмектесуде

Жарияланған күні: 27.06.2024


Елордада иесіз қалған үй жануарларына көмек көрсету және экологияны жақсарту мақсатында қала тұрғындарының күш-жігерін біріктіруге шақыратын «Мейірімді табандар» акциясы басталды. Енді астаналықтар қайталама шикізатты тапсырудан жиналған қаржыны LS Ecolife кәсіпорнының стендінде орналасқан QR-коды арқылы жануарлар панасының шотына аудару мүмкіндігіне ие болды.

Атап айтқанда, акцияның арқасында шаһар тұрғындары шикізатты тапсырғаны үшін алған қаражатын толықтай немесе оның бір бөлігін QR-кодтың көмегімен қараусыз қалған жануарларға азық-түлікпен, күтіммен және медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағыттай алады. Бұл қарапайым әрекет иесіз қалған үй жануарларын қорғау ісіне үлестерін қосуға және оларды қолдарынан келгенше қолдауға мүмкіндік береді. Сондай ақ бұл шара адамдардың назарын үйсіз жануарлардың проблемаларына, баспаналарды ұстауға, сонымен қатар тұрғындарды жануарларға жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Акцияға қатысушылардың бірі 12 жастағы Жүсіп Темірлан қайталама шикізатты қайта өңдеу шикізатты қабылдаумен айналысатын пунктке тапсыруға келген кезде бұл бастама туралы білген.

«Мен макулатураны жинап, оны тапсыру арқылы жануарларға көмектесе алатыныма өте қуаныштымын. Мен иттерді өте жақсы көремін. Өкінішке қарай, оларды өз пәтерімде ұстай алмаймын. Сондықтан мен және менің достарым жинаған ақшамыздың баспанадағы төрт аяқты достарға көмегі тиеді деп үміттенеміз», – деп өз пікірімен бөлісті Темірлан.

Green help қоғамдық бірлестігі Birgemiz: Ayala жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру аясында қолға алған «Мейірімді табандар» акциясы Астана мен Қарағанды қалаларында өтуде. Көптеген адамдар қайталама шикізатты тапсыру арқылы шағын қадамдардың өзі үлкен оң өзгерістерге бастап барарын іспен дәлелдеуде.