Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша конкурсқа өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидалардың 36, 37 және 39-тармақтарында көзделген талаптарға және «Атырау қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ бұйрығымен бекітілген 2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша

ҚОРЫТЫНДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2024 жылғы 22 мамырда жариялаған Үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) үшін «Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ 2024 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 6 ҮЕҰ-дан 11 өтінім келіп түсті, барлық 11 өтінім мемлекеттік тілде.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 11 маусымда сағат 18-30-да аяқталды.

Ағымдағы жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне;

2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне;

3) өтініш берушінің жарғылық мақсатының мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкестігіне;

4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болуына;

5) өтініш берушінің тарату процесінде болу/болмауына;

6) өтініш берушінің банкрот деп танылу/танылмауына;

7) өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;

8) өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;

9) өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;

10) өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;

11) өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;

12) берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне тексеру жүргізілді.

Қағидалардың 40-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптама комиссиясы жүзеге асырады.

Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:

1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Грант түрі Ұйым атауы
1 Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау Жастарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыружәне құқықтық сауаттылықты арттыру қысқа мерзімді «Ой бренд»           қоғамдық қоры
2 «Атырау облысы бойынша «Жастар Рухы» Қоры» Корпоративтік қоры
3 «Шырағдан» қоғамдық бірлестігі
4 Жастарды нашақорлық, темекі шегу, алкоголь, таксикоманияның зияны туралы ақпараттандыру қысқа мерзімді «Ой бренд»           қоғамдық қоры
5 «Атырау облысы бойынша «Жастар Рухы» Қоры» Корпоративтік қоры
6 «Жаңа уақыт» қоғамдық қоры
7 «Шырағдан» қоғамдық бірлестігі
8 Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қысқа мерзімді «Шырағдан» қоғамдық бірлестігі
9 Жас еріктілер корпусын қалыптастыру қысқа мерзімді «Ой бренд»           қоғамдық қоры
10 «Жаныңдамын!» қоғамдық қоры
11 Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу Атырау қаласында зорлық-зомбылықтың алдын-алу қысқа мерзімді «Жарқын Жанұя» қоғамдық бірлестігі

2) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тартылғандар жоқ.

3) мынадай:

а) «Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау» саласының «Атырау қаласындағы NEET санатындағы жастарды азайту»;

б) «Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу» саласының «Атырау қаласында отбасылық-демографиялық және гендерлік саясатты жүзеге асыру»;

в) «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту» саласының «Қала тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру және этносаралық, конфессияаралық қатынасты нығайту»,

бағыттары бойынша өтінімдердің болмауы себебінен конкурстар өтпеді деп танылды.