2024 жылғы 9 сәуірдегі конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы отырысының №39 хаттамасынан үзінді

2024 жылғы 9 сәуірде жарияланған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының «2024-2025 жылдарға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы 29 ақпандағы № 11-1-4/75 бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының  2024 жылғы 04 маусымдағы № 39 хаттамасынан

ҮЗІНДІ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1 Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасына адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу (сайлау құқығы, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, сондай-ақ адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша) орта мерзімді «Актуалды саясат институты» қоғамдық қоры
2 Қазақстан Республикасының заңнамасына адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу (кемсітпеу, ой-пікір, ар-ождан және дін бостандығы, сондай-ақ азаптаудың алдын алу және оған қарсы күрес мәселелері бойынша) орта мерзімді «National Endowment for Prosperity» қоғамдық қоры
3 Қазақстан Республикасының заңнамасына адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу (еңбекті қорғау және кәсіподақ қызметі, бейбіт жиналыстар (қауымдастық) бостандығы, сондай-ақ мигранттар мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты адам құқықтары мәселелері бойынша) орта мерзімді «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» Республикалық қоғамдық бірлестігі
4 Қазақстан Республикасының заңнамасына адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу (бірлестік (қауымдастық) бостандығы, пікір білдіру, сөз және БАҚ бостандығы, сондай-ақ әділ сот құқықтары мәселелері бойынша) орта мерзімді «Төрелік және медиацияның халықаралық палатасы» жеке меншік мекемесі
5 Қазақстан Республикасының заңнамасына адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу (азаматтық қоғамды, балалардың құқықтарын дамыту, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша) орта мерзімді «Бақытты бала» қоғамдық қоры