Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тапсырысы бойынша гранттар конкурсы

«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ» ММ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

  1. Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады.

  1. Конкурс туралы

Оператор «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялайды.

Конкурс Азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкес әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.

  1. 2024 жылға мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс мынадай басым бағыттар бойынша жарияланады:
Заңның

5-бабының

1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы

Мемлекеттік гранттың басым бағыты Мәселенің қысқаша сипаттамасы Қаржыландыру көлемі (мың, теңге) Грант түрі Нысаналы индикатор
Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасы
1 Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау Жаңаөзен қаласындағы психоневрологиялық патологиясы бар балалардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы бойынша мүгедектігі бар балалар саны 7420-ға жетіп отыр. Ал оның  1074-і Жаңаөзен қаласында тұрады. Мүгедектігі бар, оның ішінде психоневрологиялық патологиясы бар балалар ерекше күнделікті күтім мен қолдауды қажет еді, ал олардың ата-аналары балаларын тәрбиелеу барысында өзгеше қиындықтарға тап болады. Мысалы, ата-аналар стресстің жоғары деңгейіне, оқшаулану сезіміне және т.б. жағдайларды бастарынан өткеруі мүмкін. Сондықтан аталған балалардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету олардың менталды әл-ауқатын және балаларының қажеттіліктеріне тиімді жауап беру қабілетін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Дегенмен мұндай қолдау түрі әрдайым қолжетімді немесе қолданыстағы жағдайларда тиімді бола бермейді. Сол себепті қазіргі таңда психоневрологиялық патологиясы бар балалардың ата-аналарына психологиялық қолдау іс-шараларын өткізу өзекті. 10 343 1 қысқа мерзімді грант Нысаналы индикаторлар:

Жаңаөзен қаласы  бойынша психоневрологиялық патологиясы бар балалардың кемінде 50 ата-анасына психологиялық қолдау көрсету және психоэмоционалдық күйін (жағдайын) жақсарту.

Күтілетін нәтиже:

1.    Арнайы маманды тарта отырып, психоневрологиялық патологиясы бар балалардың ата-аналарына арналған 2 топтық кездесу ұйымдастыру. Әр топ кемінде 5 адамнан тұрады, жалпы қамту кемінде – 10 ата-ана.

2. Психоневрологиялық патологиясы бар балалардың ата-аналарына психологтар немесе психоневрология мамандары (басқа өңірден арнайы шақырылған) жеке кеңес беруді өткізу. Мамандармен жеке кездесуге кемінде 15 ата-ана қатысады.

2.    Психоневрологиялық патологиясы бар балалармен қарым-қатынас жасаудың негізгі дағдыларын үйретуге бағытталған кемінде 15 ата-анаға арналған кемінде 5 онлайн оқыту/вебинарлар сериясын ұйымдастыру.

3.    Психоневрологиялық патологиясы бар балалардың ата-аналары арасында тәжірибе алмасу және бір-біріне қолдау көрсету мақсатында онлайн чат құру.

4.    Кемінде 10 ата-ана мен олардың балалары бір-бірімен кездесіп, араласуға және жаңа дағдыларды үйренуге бағытталған кемінде 3 іс-шара (мысалы, таза ауаға шығу, мастер-класстар және т.б. сияқты) ұйымдастыру.

2 Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау Жұлын жарақаты бар науқастың мектебі Маңғыстау облысында бүгінде мүгедектігі бар адамдардың саны 31720 адамды құрайды. Олардың 800-ге жуығы – жұлынның зақымдалуына байланысты функционалдық бұзылыстары бар мүгедектігі бар адамдар.

2023 жылғы 7 маусымда Мемлекет басшысы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға (Конвенцияны Қазақстан                   2015 жылы ратификациялаған) Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының                        № 8-VIII Заңына қол қойды.

Осы Конвенцияның негізгі қағидаттарының бірі – мүгедектігі бар адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және олардың құқықтарын кемсітуге жол бермеу, сондай-ақ басқа да қозғалу мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тәуелсіз өмір салтын жүргізуге мүмкіндік беру.

Маңғыстау облысында жоғарыда аталған бағыттар бойынша 4 медициналық-әлеуметтік мекеме (оның                                            1-еуі  18 жасқа дейінгі балаларға арналған), үйде қызмет көрсететін 3 коммуналдық мемлекеттік мекеме мен бөлімшелер жұмыс істейді.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған (инсульттан кейінгі оң-сол жақ гемипарез, бір жағы жұмыс істемейтін жағдайды қалпына келтіру, бала кезінен сал ауруы және т.б.) бар адамдар үшін 1 оңалту орталығы жұмыс істейді, онда қалпына келтіру курсынан өтуге болады. Дененің моторлық функциялары, сонымен қатар операциядан кейінгі оңалту шараларын алу мүмкіндігі бар.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде мүгедектерді оңалту сапасын арттыру мақсатында мүгедектер арбасында жүретін мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекші қызметтерін көрсету бойынша медицина қызметкерлеріне оқыту семинарларын өткізу, сондай-ақ олардың Беларусь Республикасының мамандарымен тәжірибе алмасуы жоспарлануда.

 

9 974 1 қысқа мерзімді грант Нысаналы индикатор:

Маңғыстау облысындағы жалпы 7 медицина қызметкері мен жұлын жарақаты бар науқастармен жұмыс істеуге белсенді қызығушылық танытқан 10 жеке көмекшіні оқыту және тәжірибе алмасу арқылы біліктіліктерін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

1. Жобаны іске асыру барысында офлайн форматта кемінде 2 (екі) тақырыптық семинар өткізу арқылы облыстағы 7 медицина қызметкерінің неврологиялық патологиясы бар науқастармен жұмыс істеу бойынша біліктілігін арттыру.

2. Жобаны іске асыру барысында офлайн форматта кемінде 2 тақырыптық семинар өткізу арқылы мүгедектер арбасында қозғалатын жұлын жарақаты бар мүгедектерді қауіпсіз алып жүру үшін 10 жеке көмекшіні оқыту.

4. Жеке көмекші қызметтерін көрсететін мамандармен тәжірибе алмасу мақсатында Маңғыстау облысынан 7 медицина қызметкерінің Беларусь Республикасына сапарын ұйымдастыру.

5. Instagram, Facebook, Telegram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларда жобаны жүйелі түрде ақпараттық қамту. Жобаны жүзеге асыру және қамту үшін кемінде 1 баннер және 1 бейнеролик әзірлеу және шығару.

  БАРЛЫҒЫ     20 317    

 Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды

Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:

1) саяси партиялар;

2) кәсіптік одақтар;

3) діни бірлестіктер;

4) дербес білім беру ұйымдары;

5) дербес кластерлік қорлар;

6) нотариаттық палаталар;

7) адвокаттар алқасы;

8) адвокаттық кеңселер;

9) Заң консультанттарының Республикалық алқасы;

10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

11) Қазақстан Республикасының сот сарапшылары палатасы;

12) жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы;

13) Қазақстанның Төрелік палатасы;

14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;

15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;

16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншік иелерінің бірлестіктері.

 Қағидалардың 39-тармағына сәйкес Оператор келесі жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:

1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;

2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмесе;

3) өтініш берушінің жарғылық мақсаты гранттардың басым бағытына сәйкес келмесе;

4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында (сілтеме: infonpo.gov.kz) өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;

5) егер өтініш беруші тарату процесінде болса;

6) егер өтініш беруші банкрот деп танылса;

7) егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болса;

8) егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

9) егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;

10) егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрса;

11) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;

12) егер өтініш берушілердің басшылары, құрылтайшылары террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе.

  1. Гранттардың басым бағыты бойынша конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:

1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмегенде;

3) конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар болмағанда.

 Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты

Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдерде енгізіледі:

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 15 (ОН БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2024 ЖЫЛҒЫ «03» МАУСЫМ МЕН «24» МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН;

КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕШІКТІРІЛІП, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.

  1. Өтінімдерді жіберу қажет пошталық және электрондық мекенжайлар

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:

Өтінімдер беру тәсіліне қарай пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта беріледі

1) қағаз нұсқада өтінімдер мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.

Өтінімдерге қол қойылуы, тігілуі, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген адамның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы адамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді қағаз нұсқада қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

 2) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтініш берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып, мұрағатталған бірыңғай WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында электрондық тасымалдағышта, пошта байланысы арқылы немесе ukzsp-mangystau@cisc.kz электрондық поштасына өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.

Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді электрондық тасымалдағышта қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

 3) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, электрондық форматта ukzsp-mangystau@cisc.kz электрондық поштасына мұрағатталған WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында жіберіледі.

Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қабылдау күндері тәулік бойы және өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні сағат 18.30-ға дейін.

  1. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Қағидалардың №7 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар үшін қысқа мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029848#z440);

2) құрылтай құжаттарының көшірмелері (барлық өзгерістері мен толықтырулары қоса берілген жарғы, құрылтай шарты (бар болса), өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі және өтініш берушінің басшысының жеке басын куәландыратын құжаты).

3) өтінімінің «Әлеуметтік жобаның серіктестері» жолын толтырған жағдайда – серіктестердің хаттары, «Іске асырылған негізгі жобалар мен бағдарламалар» жолын толтырған жағдайда – көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері. Шетелдік көздер есебінен әлеуметтік жобалар іске асырылған жағдайда және гранттар Оператор арқылы іске асырылған жағдайда – шарттардың және әлеуметтік жобаның іске асырылуын растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері.

 Қосымша ақпарат және консультация алу

Конкурстық комиссияны іріктеу үдерісімен және қызметімен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларында толығырақ танысуға болады.

Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта консультация бере алады. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Операторға келесі телефондар арқылы хабарласу керек:

1) өтінім беру мәселелері бойынша мынадай телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 72, 79-04-31;

2) «Әлеуметтік жобаның мақсаты», «Әлеуметтік жобаның міндеттері», «Әлеуметтік жобаның сипаттамасы: іске асыру тетіктері (әдістері)», «Жоба туралы Презентация (сілтеме)», «Әлеуметтік жобаны іске асыру аумағы», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың басталу күні», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың аяқталу күні», «Әлеуметтік жобаның нысаналы топтары», «Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған әлеуметтік жобаның нәтижелері», «Әлеуметтік жобаның әріптестері», «Әлеуметтік жобаны ақпараттық сүйемелдеу қалай ұйымдастырылады», «Күнтізбелік жоспар» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша мынадай телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 71, 79 08 03, 79 08 07;

3) «Әлеуметтік жоба шығыстарының сметасы» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша мынадай телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 28;

4) ukzsp-mangystau@cisc.kz электрондық поштасы арқылы.

  1. ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесі

Конкурс «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының «2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «22» мамырдағы № 03-09/299 бұйрығы шеңберінде өтеді.

Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ ресми сайтында орналастырылған:

https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc/documents/details/666311?lang=kk

Құжаттар:

Шарт

Бұйрық

Гранттар жоспары

Грантқа өтінім нысаны

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

Қосымша 6

Қосымша 7