Жарияланған күні: 30.05.2024
Халықаралық балаларды қорғау күнінде Астана қаласында алғаш рет Aiala республикалық арт-эко фестивалі өтеді, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Aiala фестивалі – бұл еліміздің түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушылары өнер арқылы қоршаған ортаға деген алаңдаушылықтарын білдіретін ерекше мүмкіндік.
Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 250-ден астам оқушы бір ай ішінде 6 санаттағы экология тақырыбына сәйкес бірегей жұмыстар жасай отырып, өздерінің таланттары мен креативтілігін көрсетті:
Beınele – бейнелеу өнері (фото, кескіндеме);
Árle – перфоманс (мүсін және инсталляция);
Qara – видеомейкинг (фильмдер, роликтер);
Sezin – арт перфоманс (театр, көше перфоманстары, флешмобтар);
Sóıle – музыка және поэзия (әндер, өлеңдер);
Órnekte – сәндік-қолданбалы өнер (тоқыма, керамика бұйымдары).
Бүгіндері ақтық сынға өткен 36 финалист анықталды. Ал 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні жеңімпаздардың есімдері белгілі болады.
Сондай-ақ, фестиваль аясында киіз басу, кескіндеме, қаржылық сауаттылық және макулатурадан панно жасау бойынша шеберлік сабақтары өтеді.
Балаларды интерактивті ойын-сауық, кейтеринг және мерч саудасы күтеді. Сатылымнан түскен қаражат экологиялық қорлардың шоттарына аударылады.
Іс-шараның арнайы қонағы – JOLDA би театры.
Кіру тегін, іс-шара ұйымдастырушылары барлық ниет білдірушілерді фестивальге қатысуға шақырады. Отбасыңызбен бірге шығармашылық және арт-эко әлемімен жақынырақ танысу мүмкіндігінен құр қалмаңыздар!
Күні: 1 маусым
Уақыты: сағ. 12.00
Күні: 2 маусым
Уақыты: сағ. 10.00
Өтетін орны: Бейбітшілік және Келісім сарайы (Атриум, 3-қабат), Астана қ.
Aiala арт-эко фестивалін ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ.
Бас демеуші – «Халық» қайырымдылық қоры.