2024 жылғы 26 наурыздағы конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы отырысының №37 хаттамасынан үзінді

2024 жылғы «26» наурызда жарияланған «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының «2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы 29 ақпандағы №73 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2024 жылғы «14» наурыздағы № 87 бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 28 мамырдағы № 37 хаттамасынан

ҮЗІНДІ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1 Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау Жастар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу қысқа мерзімді «Бәйшешек» қоры
2 Халықтың негізгі топтары арасында АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары қысқа мерзімді «Саламатты Ел» қоғамдық қоры