2024 жылғы «26» наурызда жарияланған «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының «2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы 29 ақпандағы №73 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2024 жылғы «14» наурыздағы № 87 бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 28 мамырдағы № 36 хаттамасынан
ҮЗІНДІ
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Іске асырылу мерзімі | Ұйым атауы |
1 | Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу | Маңғыстау облысы бойынша медициналық қызметтер сапасына қоғамдық мониторингін ұйымдастыру | қысқа мерзімді | «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі |