2024 жылғы 29 наурызда жарияланған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға басым бағыттарының қосымша тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «20» наурыздағы № 107-Н/Қ бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 22 мамырдағы № 26 хаттамасынан
ҮЗІНДІ
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Іске асырылу мерзімі | Ұйым атауы |
1 | Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту | Террористік белсенділік аймақтарынан (бұдан әрі – ТБА) қайтарылған азаматтарға және қазақстандықтардың қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен туыстарына құқықтық және әлеуметтік көмек | қысқа мерзімді | «AQNIET» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қоры |