Birgemiz жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау мамыр айының соңына дейін ұзартылды

Жарияланған күні: 20.05.2024


Ағымдағы жылдың 25 сәуірінен бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде Birgemiz жалпыұлттық жобасы аясында әртүрлі бағыттар бойынша нақты жергілікті міндеттерді шешуде волонтерлік бастамаларды жүзеге асыруға арналған шағын гранттар конкурсы өтуде.

Өтінімдерді Birgemiz жобаларын жүзеге асырып жатқан 8 ҮЕҰ қабылдайды. Сондай-ақ, олар шағын гранттар конкурсына қатысу мәселелері бойынша кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, Birgemiz гранттық бағдарламасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыруы аясында үшінші жыл табысты жүзеге асырылуда. Мемлекеттік гранттар еріктілер болып табылатын кәмелетке толған қазақстандықтар, сондай-ақ бастамашыл топтар мен ҮЕҰ-ға қолжетімді.

Конкурс аясында 300 мың теңгелік 240 шағын грант келесі бағыттар бойынша берілетін болады:

– BIRGEMIZ: Bilim
– BIRGEMIZ: Saýlyq
– BIRGEMIZ: Sabaqtastyq
– BIRGEMIZ: Taza Álem
– BIRGEMIZ: Asyl mura
– BIRGEMIZ: Qamqor
– BIRGEMIZ: Úmit
– BIRGEMIZ: Ayala

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 31 мамырға дейін ұзартылды. Іріктеу қорытындылары мен нәтижелері 2024 жылғы 18 маусымда өткізіледі.