Қағидалардың 36, 37 және 39-тармақтарында көзделген талаптарға және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 107-НҚ бұйрығымен бекітілген 2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының қосымша тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша
ҚОРЫТЫНДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ
2024 жылғы 29 наурызда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) жариялаған үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2024 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 4 ҮЕҰ-дан 4 өтінім келіп түсті, оның 1-і мемлекеттік тілде және 3-і орыс тілінде.
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 18 сәуірде сағат 18-30-да аяқталды.
Ағымдағы жылғы 02 мамырда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:
1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне;
2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне;
3) өтініш берушінің жарғылық мақсатының мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкестігіне;
4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болуына;
5) өтініш берушінің тарату процесінде болу/болмауына;
6) өтініш берушінің банкрот деп танылу/танылмауына;
7) өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;
8) өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;
9) өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;
10) өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;
11) өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;
12) берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне тексеру жүргізілді.
Қағидалардың 40-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптама комиссиясы жүзеге асырады.
Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:
- мемлекеттік грант беру конкурсынақатысуғарұқсат беру туралы:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы |
1 | Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту | Террористік белсенділік аймақтарынан (бұдан әрі – ТБА) қайтарылған азаматтарға және қазақстандықтардың қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен туыстарына құқықтық және әлеуметтік көмек | қысқа мерзімді
|
«Basqary» қоғамдық қоры |
2 | «Сәтті Еркемай» жеке меншік қоры | |||
3 | «Солидарность» әлеуметтік дамыту қоры» қоғамдық қоры | |||
4 | «AQNIET» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қоры |
2) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тартылғандар жоқ.