2024 жылғы 26 ақпандағы конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы отырысының №16 хаттамасынан үзінді

2024 жылғы 26 ақпанда жарияланған «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысының «2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы 22 ақпандағы № 14-Б бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 16 хаттамасынан

ҮЗІНДІ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1 Қоршаған ортаны қорғау Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және су ресурстарын ұтымды пайдалану қысқа мерзімді «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі
2 Маңғыстау өңірінде кездесетін жануарлар мен өсімдіктер түрлерін насихаттау қысқа мерзімді «Табиғи орта» Батыс Қазақстан жергілікті ҮЕҰ қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі
3 Экологиялық білім мен мәдениетті қалыптастыру қысқа мерзімді «Эко Мангистау» үкіметтік емес мекемесі