2024 жылғы 8 ақпандағы конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы отырысының №7 хаттамасынан үзінді

2024 жылғы 08 ақпанда жарияланған «Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы 01 ақпандағы № 02-03/18 бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 7 хаттамасынан

ҮЗІНДІ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1 Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу Өңірде сапалы медиа өнімдерді дайындау және контент жасаушыларды қолдау қысқа мерзімді «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі
2 Аймақтағы баспасөз және БАҚ өкілдерінің біліктілігін арттыру қысқа мерзімді «Жағымды жаңалық» қоғамдық қоры
3 Облыс тұрғындарының құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру қысқа мерзімді «Риза-ана»  қоғамдық қоры
4 Мемлекеттік рәміздерді насихаттау арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру қысқа мерзімді «JasART» жеке меншік мекеесі