Бірыңғай грант операторы бизнес-процестерді автоматтандыруды енгізуде

Жарияланған күні: 12.03.2024


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы бизнес-процестерді цифрландыру аясында конкурстық комиссияға кіретін сарапшылармен өзара іс-қимыл тетігін толығымен автоматтандырды.

Атап өтсек, бұрын жекелеген міндеттерді орындау үшін – сарапшылармен шарттарға, хаттамаларға және басқа да конкурстық құжаттарға қол қою 30 және одан да көп күнге дейін уақыт қажет еді. 

Бизнес-процестерді автоматтандыру оператордың жұмысын едәуір жеңілдетуге және оңтайландыруға мүмкіндік берді. Мәселен, қазіргі уақытта сарапшылармен қызмет көрсету бойынша  шарттар жасасу, бағалау парақтары мен хаттамаларға қол қою Documentolog онлайн-платформасында жүргізіледі. Бұл қажетті деректерді беруге, шешім қабылдауға кететін уақытты айтарлықтай үнемдейді, қаржылық шығындарды азайтады және құжаттарды жоғалту қаупін төмендетеді. Бұрын сарапшылармен құжат айналымы пошта жөнелтімдері арқылы жүргізілген болатын. Айта кетейік, сарапшылар пулы республиканың әртүрлі өңірлеріндегі 100-ден астам адамнан тұрады.

Бизнес-процестерді жетілдіру бойынша жұмыстар әлі де өз жалғасын табады. Грант алушылармен шарт жасасу процесін автоматтандыру Оператордың жұмыс жоспарында бар.