Бірыңғай грант операторына корпоративтік басқарудың жоғары рейтингі берілді

Жарияланған күні: 13.02.2024


Азаматтық бастамаларды қорғау орталығына корпоративтік басқарудың жоғары рейтингі берілді. Орталықтың корпоративтік басқару деңгейінің есептелген жалпы рейтингі 86 % құрайды немесе корпоративтік басқару деңгейінің рейтингтік бағалау шкаласы бойынша KZCG6 сәйкес келеді. Айта кетейік, оны Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайтын және Корпоративтік басқару кодексінің негізгі қағидаттарын ұстанатын, корпоративтік басқаруы жоғары деңгейдегі компаниялар алады.

Бұл рейтинг акционердің және басқа да үлестес тұлғалардың құқықтарына қысым жасаумен байланысты тәуекелдердің ең аз мөлшерін, Директорлар кеңесі, Басқарма жұмысының ашықтығын, корпоративтік басқару рейтингін беру сәтіндегі Компания қызметі туралы деректердің ашықтығын растайды. CG6 деңгейіндегі корпоративтік басқару рейтингі инвестициялық-тартымды болып келеді.

Орталық диагностика жүргізу үшін тәуелсіз бағалау компаниясын жалдады. Тәуелсіз бағалау тұрақты дамудың кепілі болып саналатын басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл көптеген мүдделі тараптарға компанияның корпоративтік басқару жүйесі, оның күшті жақтары мен даму бағыттары туралы түсінікке ие болуға мүмкіндік береді.

Орталық өз жұмысы барысында ішкі бизнес-процестерді, сыртқы коммуникацияларды және мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуді жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шараларды сәтті жүзеге асырып жатыр.

Жүргізілген талдауға сәйкес, компания қаржылық мүдделі тараптардың жауапкершілігін, құпия ақпараттың қорғалуын, Директорлар кеңесінің қызметін, компания туралы ақпараттың ашықтығын және жылдық есептерді 100% қамтамасыз етеді. Ішкі аудит қызметінің жұмысы мен тәуекелдерді басқару қызметкерлерінің біліктілігін арттыру да жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Орталық корпоративтік басқару рейтингінің қол жеткізілген деңгейін одан сайын арттыруға және бизнес-процестерді жақсарту бойынша белсенді жұмысты одан әрі жалғастыруға ниетті.