Қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттарға өтінім қабылдау аяқталды

Жарияланған күні: 01.02.2024


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Мәдениет министрлігінің қолдауымен өтетін конкурсқа үкіметтік емес ұйымдардан қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттарды беруге өтінімдер қабылдауды аяқтады.

ҚР МАМ тапсырысы бойынша жүзеге асырылатын гранттар инклюзивті қоғамды дамыту мен ауылда азаматтық бастамаларды дамыту жобаларына бағытталған.

Есептеулер бойынша Орталыққа 95 ҮЕҰ-дан жалпы саны 117 өтінім түсті, оның ішінде 93 өтінім қысқа мерзімді гранттар бойынша болса, 24-і орта мерзімді гранттар алуға түскен. Алдын ала талдау ҮЕҰ арасында гранттарға сұраныстың жоғары екенін көрсетті. Бір орта мерзімді грантқа «инклюзивті қоғамды дамыту» бағыты бойынша 9 өтінім түссе, «ауылда азаматтық бастамаларды дамыту» бағыты бойынша 15 өтінім түскен. Сонымен қатар қысқа мерзімді гранттарға да сұраныстың артқаны анық байқалады: инклюзивті қоғамды дамыту жобалары бойынша 45 өтінім түссе, ауылда азаматтық бастамаларды дамыту бағыты бойынша 48 өтінім түскен.

Айта кетейік, 2024 жылғы бірінші мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен өтуде. Конкурстың басты мақсаты – халықтың тұрмыстық өмірін жақсартуға бағытталған азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге қоғамды тарту.

Орталықтың жауапты мамандары бес жұмыс күні ішінде өтінімдердің берілген талаптарға сәйкестігін тексереді. Одан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде сарапшы комиссия конкурстың жеңімпаздары туралы шешім қабылдайды. Шешім комиссия отырысына қатысқан мүшелердің көпшілік дауысымен қабылданады.