2023 жылдың қорытындысы: АБҚО азаматтық бастамаларды қолдауға 520 шағын грант бөлді

Жарияланған күні: 10.01.2024


300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін бастамашыл қазақстандықтардың жобаларын қолдауға бөлінген шағын гранттар сомасын құрады. Өткен жылы барлығы осындай 520 грант бөлінді.

Қаражат қарттар үйіне еріктілерді тарту, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік практикасын енгізу, халықтың білімін арттыру, ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту, ауыр диагнозы бар адамдарға көмек көрсету сияқты жобаларды іске асыруға бағытталды. Грант иегерлері еліміздің түкпір-түкпірінде тегін иппотерапия, шет тілдері, қаржылық және цифрлық сауаттылық курстарын ұйымдастырды, шағын наубайханалар, тігін шеберханалары, балалар сауықтыру орталықтарын ашып, жерлестері үшін жаңа жұмыс орындарын ашты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен іске асырылған 67 жобаның 18-і шағын гранттар бөлуді көздеді. Шағын гранттар бағдарламаларының жалпы бюджеті 352 млн теңгеден асты.

Шағын гранттарды іске асыру қоғамның қандай әлеуметтік мұқтаждықтарын, сондай-ақ жергілікті бастамашыл топтар мен қоғамдық ұйымдардың қандай мүмкіндіктерге ие екенін көруге мүмкіндік берді.