Орталық басшысы Атырау облысы белсенділерімен кездесті

Жарияланған күні: 22.11.2023


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Лима Диас жұмыс сапарымен Атырау облысына барды.

Іссапар барысында Лима Диас өңірдің атқарушы органдарының, ҮЕҰ-ның, аймақтың ірі компанияларының өкілдерімен кездесті. Кездесулерге сондай-ақ, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова қатысты.

 

Жиын барысында ҮЕҰ-ның өкілдері Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру нәтижелеріне қатысты пікірлерімен бөлісіп, АБҚО жұмысы мен гранттық қаржыландыру жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын айтты.

 

 

Мұнымен қоса, Атырауда Орталықтың әлеуетті грант алушылары үшін гранттарды ұсыну жөніндегі конкурстарға өтінім беру бойынша консультациялық көмек көрсетіліп, оқыту семинарлары өтті.