Орталық Азиядағы Шекараларды басқаруға жәрдемдесу бағдарламасы (БОМКА) үкіметттік емес ұйымдар арасында конкурс жариялайды

Жарияланған күні: 23.10.2023


ҮЕҰ-ға гранттарды ұсыну жөніндегі конкурс Орталық Азияның шекаралас өңірлерінде жұмыс істейтін КЕҰ-ға Орталық Азия мемлекеттерінің шекаралас аудандары халқының мүдделеріне бағытталған бастамаларын іске асыруда қолдау көрсетуді көздейді деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

 

Еуропалық Одақ қаржыландыратын Орталық Азиядағы Шекараларды басқаруға жәрдемдесу бағдарламасы (БОМКА) Орталық Азиядағы үкіметтік емес ұйымдардың арасында шекара маңындағы аудандар халқының өмір сүру жағдайларын жақсарту жөніндегі екінші конкурстың басталғанын хабарлайды.

 

Конкурстың мақсаты: Орталық Азияның шекаралас өңірлерінде жұмыс істейтін КЕҰ-ға Орталық Азия мемлекеттерінің шекаралас аудандары халқының мүдделеріне бағытталған бастамаларын іске асыруда қолдау көрсету.

 

Гранттардың басым бағыттары:

 

  • Көші-қон, трансшекаралық және сабақтас салалардағы зерттеулер мен талдау;
  • Тұрақсыз көші-қон мен адам саудасының алдын алу мәселелері бойынша хабардарлықты арттыру;
  • Көші-қоннан зардап шеккен және шекараға жақын орналасқан халықтың осал топтарына көмек көрсету;
  • Әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы бастамаларды қоса алғанда, кәсіпкерлікті қолдау;
  • Көші-қон және шекара маңы аумақтары мәселелерін талқылау, сондай-ақ осы салалардағы ынтымақтастық үшін шекара маңы өңірлерінде жұмыс істейтін АҚҰ және ҮЕҰ желілері мен форумдарына жәрдем көрсету.

 

Бағдарлама аясындағы қолжетімді жалпы сома: 660 000 еуро.

 

Бір грант үшін берілетін сома: 45 000-нан 60 000 еуроға дейін.

 

Конкурс шарттары:

 

  • Өтінімдерді Орталық Азия мемлекеттерінің шекаралас өңірлерінде жұмыс істейтін азаматтық қоғам ұйымдарын, үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктерді, қорларды, ғылыми-зерттеу институттарын қоса алғанда, тіркелген КЕҰ-лар (оның ішінде Қазақстан үшін: Маңғыстау облысы, Ақтөбе облысы, Қызылорда облысы, Түркістан облысы, Жамбыл облысы және Алматы облысы) беруге құқылы
  • Жобаларды ОА-ның бір КЕҰ немесе екі не одан да көп КЕҰ құрамасындағы консорциумы жүзеге асыра алады, олардың бірлескен іс-қимылдары ОА мемлекеттерінің бірінің шекара маңындағы аумағына бағытталған
  • өз елдерінің шекара маңы аудандарында жобаларды басқару және іске асыру үшін заңды мәртебеге ие болуы

 

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2023 жылғы 19 қараша, Астана қ. уақыты бойынша сағат 22:00 (GMT+6)

 

Толық ақпарат келесі сілтеме арқылы қолжетімді:  https://www.bomca-eu.org/ru/news/bomka-ob-avlaet-vtoroj-konkurs-zaavok-sredi-npo-centralnoj-azii-napravlennykh-na-ulucsenie-uslovij-zizni-naselenia-prigranicnykh-rajonov