Орталық менеджерлері мемлекеттік гранттардың іске асырылуына мониторинг жүргізуде

Жарияланған күні: 09.10.2023


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мемлекеттік гранттардың іске асырылуына мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Мұндай іс – шаралардың мақсаты – іске асырылып жатқан жобалардың сапалық және сандық көрсеткіштеріне қол жеткізу, гранттық қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуын болдырмау деп, хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының менеджерлері үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың іске асырылуын бақылау мониторингімен Алматы қаласына барды. Мониторинг барысында олар «Ерзи» мүгедектер қауымдастығы» ҚБ, «Азаматтық бастама орталығы» ҚБ, «Алматы студенттер альянсы» ҚҚ және «Жоғары жастар кеңесі» ҚБ сияқты ұйымдарға барды.
Осылайша, орталық мамандары «Ерзи-media» жобасының қорытындыларымен танысты, мүгедектерге арналған алғашқы продакшн студиясында болып қайтты.


Ұзақ мерзімді «ҮЕҰ академиясы» жобасының жетекшісі Светлана Пак қонақтарды түрлі бағыттар бойынша азаматтық сектор өкілдерін оқыту қорытындыларынан хабардар етті.
«Алматы студенттер альянсы» КҚ және «Жоғары жастар кеңесі» ҚБ Орталық менеджерлерін жастарды қолдауға, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жобалардың іске асырылу барысымен таныстырды.


Мониторинг барысында жоспарланған нәтижелер мен индикаторлар нақты көрсеткіштермен салыстырылды, барлық бастапқы ақпарат, сондай-ақ есептер мен өзге де құжаттарда көрсетілген деректердің дұрыстығы мен толықтығы тексерілді.
Айта кетейік, мемлекеттік гранттардың іске асырылу мониторингі жыл соңына дейін жалғасады.
Мониторинг шеңберінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының менеджерлері 50-ден астам гранттық жобалардың іске асырылу барысын талдауды жоспарлап отыр.