Жарияланған күні: 20.09.2017
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы жоба аясында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына орай Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан қоғам қайраткерлерімен және зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен студенттер мен жастар арасында «Тағлым мен тағзым» атты кездесулер өтуде.
Жоба бойынша осы аптада
Еуразия институты жанындағы қаржы-экономикалық колледжінде (19.09.2017ж. сағат 15-00 –де Т.Рысқұлбеков к-сі, 39а);
Әуезов ауданында орналасқан № 104 жалпы білім беретін мектепте (21.09.2017ж. сағат 15-00 –де 2-ықш. ауд., Ұлықбек,59);
Бостандық ауданындағы М.Мақатаев атындағы № 140 мектеп-гимназиясында (22.09.2017ж. сағат 11-00 –де Түркебаев к-сі., 233);
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан қоғам қайраткерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен Ұрпақтар сабақтастығын қолдауға және жастарды патриоттылыққа тәрбиелеуге байланысты кездесулер өтеді.
Хабарласу: 87273036806, 2778129, 87073240176.