«БАҚ қоғамдағы құқықбұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жарияланған күні: 20.09.2017


Бүгін Ұлттық Интернет Ассоциациясы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрілігінің қолдауымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грант арқылы қаржыландыруымен, сондай-ақ,«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ-ының ақпараттық қолдауымен «БАҚқоғамдағы құқықбұзушылыққа «мүлдетөзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға қоғамдық ұйым өкілдері, журналистер мен танымал блогерлер қатысты. Дөңгелек үстел барысында қоғамдық бақылау және ақпаратқа қолжетімділік құралдарын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын-алу мәселелерін медиа кеңістікте көтеру жайын сөз етіп, ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел барысында азаматтық қоғам саласындағы өзекті мәселелерді қозғайтын ақпараттық материалдарды интернет кеңістікте, әлеуметтік желілерде және блогтарда жариялаудың тиімді жолдары да сараланды.Сондай-ақ, журналистер мен блогерлерден бөлек адвокаттар да құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге қатысты пікірлерлерін ортаға салды.

Сонымен қатар, осы тақырып бойынша журналистер мен блогерлер арасында арнайы конкурс жарияланды. Конкурстың ережесі қосымша сайтта жарияланатын болады.

Толығырақ