Жарияланған күні: 01.06.2020
2020 жылғы 1 маусымда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары А.Рахимбаевтың Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (TIKA) Қазақстандағы үйлестірушісі Э.Рутбил мырзамен кездесуі өтті. Кездесу мақсаты – Қазақстанда азаматтық бастамаларды қолдау бойынша Түркия агенттігімен ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Кездесу барысында А.Рахимбаев мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру шеңберінде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша Орталықтың мүмкіндіктерімен таныстырып өтті.
Э.Рутбил мырза Орталықтың жұмысына қызығушылық білдіре отырып, үкіметтік емес сектордың өкілдерімен жұмыста серіктес ретіндегі рөлін атап өтті. Сонымен қатар, ол тренингтер өткізу арқылы ұйымның әлеуетін арттыру бойынша Агенттіктің мүмкіндіктері жөнінде айтып берді.
Сондай-ақ, Орталық және Агенттік арасындағы ынтымақтастықтың бастамасына бастау беру мақсатында ағымдағы жылдың соңына дейін кем дегенде бір ҮЕҰ әлеуметтік жобасына қолдау көрсетуге дайындығын білдірді.