Жарияланған күні: 14.07.2023
АҚШ-тың Қазақстандағы өкілдігі АҚШ-тың білім беру мекемелері мен қазақстандық жоғары оқу орындары (ЖОО) арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған 2023-2024 жылдарға арналған Университеттік Серіктестік бағдарламасына (UPP) қатысуға өтінімдер беруге АҚШ және Қазақстан ұйымдары үшін ашық конкурс жариялайды. Бұл бағдарлама Қазақстандағы экономикалық әртараптандыру мен өсуді қолдауға бағытталған.
Жоба тақырыптары:
- зерттеулерді коммерцияландыру;
- жеке сектормен серіктестік;
- американдық және қазақстандық университеттер арасындағы бірлескен зерттеулер мен жарияланымдар;
- оқу бағдарламаларын жаңғырту;
- АҚШ институттарымен серіктестік үшін Қазақстанның институционалдық әлеуетін арттыру.
Жобаның мақсаты:
Американдық және қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік арқылы Қазақстандағы әртараптандырылған экономикалық өсуді, соның ішінде ауыл шаруашылығын, жаңартылатын энергия көздерін, IT және STEM-мен байланысты секторларды қолдайтын салаларда кемінде екі қазақстандық университеттің қаржылық менеджменті мен зерттеу әлеуетін нығайту.
Жалпы қол жетімді сома: 360 000 АҚШ доллары
Күтілетін гранттар саны: 1 грант
Конкурс шарттары:
- Конкурсқа қатысуға өтінім беруге құқығы бар:
- АҚШ немесе Қазақстанда орналасқан ұйымдар, азаматтық қоғам / үкіметтік емес ұйымдар, талдау орталықтары, мемлекеттік және жеке білім беру мекемелері
- Барлық құжаттар ағылшын тілінде дайындалуы керек
Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі: 2023 жылғы 26 шілде, 21:59 (Астана уақыты бойынша)
Толық ақпаратты келесі сілтемеден табуға болады: https://kz.usembassy.gov/notice-of-funding-opportunity-university-partnership-program-upp/