Байқау жеңімпаздары анықталды

Жарияланған күні: 17.11.2017


ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қарасты “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” грант арқылы Ұлттық интернет ассоциациясы ұйымдастырған бұл жоба 21 шілдеден басталған еді. Нәтижесінде үздіктер анықталып, сый-сыяпатқа ие болды.

100-ден аса материал қатысқан доданың жүлдегерлерін атап өтсек:

«Үздік мақала» номинациясы:

1-орын – Айбек Қабдешов

2-орын – Ақбота Ахмет

3-орын – Ермек Исабаев

«Үздік видеоматериал» номинациясы:

1-орны – Александра Миличкина

2-орын – Жұлдыз Жасұзақ

3-орын – Азамат Ерғалиев

«Әлеуметтік желідегі үздік жазба» номинациясы:

1-орын – Серік Ерғали

2-орын – Жанар Нұрышева

3-орын – Сәтжан Кәріпбаев.

Жеңімпаздарға Ұлттық интернет ассоциациясы дипломдармен қоса смартфондар табыс етті. Және «Егемен Қазақстан» газеті Әбіш Кекілбаевтың «Дәуір дауысы» кітабы мен Шерхан Мұртазаның «Намыс найзағай» кітаптарын сыйлады.