«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні: 13.04.2020


«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Директорлар кеңесі Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне Рахимбаев Арбат Талғатұлын бекітті.

А. Рахимбаев 2013 жылы Пекин халықаралық бизнес және экономика университетін халықаралық экономика және сауда саласындағы әкімшілік басқару мамандығы бойынша бітірген. Бизнес саласында, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдарда жұмыс тәжірибесі бар.

Басқарма төрағасының орынбасары мемлекеттік емес гранттық қаржыландыруды дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін болады, ол орталықтың бастамасы және іскерлік қоғамның әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде грант беруші ұйымдармен өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.