Латын әліпбиіне көшу — біз үшін өркениетті шешім.

Жарияланған күні: 21.02.2018


Елбасының латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің бекітіуінен бастап қазақ әліпбиінің жаңа дәуірі бас­талып, жаңа тынысы ашылды. Латын әліпбиіне көшу — жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім. Ендігі жерде «жаңа жүйені меңгеру қиын бола ма, осы бізге қажет пе?» деп ойланудың керегі жоқ. Себебі, бұл – қажеттіліктен туындап отырған қадам. Күн сайын бір-бірін алмастырып жатқан жаңа технологиялардың дамыған заманында «көштен қалмай», елімізді өркениетті елдер қатарына еніп, болашақ ұрпағымызға ана тіліміздің дыбыстық ерекшелігін жеткізудің жолы екенін түсінуіміз керек.

Бұл жаңашылық азаматтық қоғамды дамытуда, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың бәсекеге қабілетті болып, әлеуметтік мәселелерді шешуде салмағы бар, қуатты секторға айналуына мүмкіндік бермек. Латын әліпбиіне көшкен соң, халықаралық тілге айналған ағылшын тілін меңгеру анағұрлым оңайырақ болып, бұл өз кезегінде мемлекеттің гранттарынан бөлек, халықаралық ұйым гранттарына жол ашылып, қол жетімді болады деген сөз.

Қорыта айтқанда, латын әріптері – өркениет жазуы, өмір талабы, сондықтан оның бұл артықшылығын ескеріп, біз де өз мақсатымызға сай латын жазуының игілігін көруіміз қажет.

Нұрлан Өтешев

«Азаматтық бастамаларды қолдау

орталығы» КЕАҚ-ның Басқарма Төрағасы